Теміржолшылар алаңға шықты

Жосалы кентінде теміржолшылар күні мерекесіне байланысты сала қызметкерлері арасында шағын футболдан жарыс өтті.
Оған 7 команда қатысты. Тартысты да қызықты сәттерге толы өткен жарыс қорытындысымен «ДС» (Жосалы стансасы) құрамасы барлық қарсыластарын ұтып, жарыс жеңімпазы атанса, ІІ орынға «ШЧ-40» командасы, ал жүлделі ІІІ орынға «Локоматив» командасы көтерілді.
Сонымен бірге, жарыс барысында өздерінің үздік ойындарымен көрермен көзайымы атанған Көптұрсын Қазбеков (Локоматив) және Жаңабек Кемелбеков (ШЧ-40) демеушілер тағайындаған  арнайы жүлделерге ие болды.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ,
Қармақшы ауданы.



 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 тамыз 2019 г. 496 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031