Алдағы күндері елімізде 42 градусқа шейін ыстық болады

Синоптиктер 6-8 тамызға арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің болжауынша, атмосфералық ағын бөліктердің өтуіне байланысты алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы күтіледі, найзағайлы жаңбыр, күшті жел, дауыл соғуы ықтимал, бұршақ жаууы да мүмкін.
«Еліміздің оңтүстік және оңтүстік шығысында күн райы ашық және 35…42°С дейін қатты ыстық болады. 6 тамызда Иран аймағынан келетін жылы ауа массалары салдарынан батыс және солтүстік батыс өңірлерден басқа жерлерде, еліміздің басым бөлігінде қатты ыстық күтіледі, сонан соң Мурманск аймағынан салқын ауа массаларының ағынымен еліміздің солтүстік батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасының күндіз 20-25 градусқа дейін біртіндеп төмендеуі күтіледі, кей жерлерде 30 градус жылы болады», делінген болжамда.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 тамыз 2019 г. 517 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031