32 кәсіпкердің жобалары жүзеге асты

29

0

32 кәсіпкердің жобалары жүзеге асты «Даму – аймақтар» шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін аймақтық қаржыландыру бағдарламасы аясында өткен жылы қызылордалық 32 кәсіпкердің жобалары жүзеге асты. Бағдарламаның сәтті жұмыс жасауы нәтижесінде 175 жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы «Даму» қорынның баспасөз қызметінен хабарлады.
Бүгінде шағын және орта кәсіпкерліктің ең басты қажеттілігі – қаржыландыру екені белгілі. Сондықтан Қызылорда облысының әкімдігі мен «Даму» қоры бірлесіп, «Даму – аймақтар» бағдарламасының жүзеге асуы үшін 1,5 млрд. теңге қаражат бөлген болатын. Аталған бағдарлама аясында аймақ кәсіпкерлері 8,5% үстемемен 180 млн. теңгеге дейінгі несие қаражатын екінші деңгейлі банктерден алуға болатын бірегей мүмкіндікке ие болды.
Ескере кетсек, облыс әкімдігі мен Қор арасында 2017 жылы ынтымақтастықты жалғастыру туралы меморандумға қол қойылған болатын. Үстіміздегі жылы да «Даму – аймақтар» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер үшін 180 млн. теңгеге дейін жеңілдетілген несие қолжетімді. Негізгі құралдарды қайта жаңғырту мақсатындағы несие 60 айға дейін беріледі. Ал айналым қаражатын толтыруға 36 айға дейін мерзімге несие алу мүмкіндігі қарастырылған. Несиені кепілдендіру мөлшері жетіспеген жағдайда кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы бөлшек кепілдендіру құралын пайдалана алады. Кепілдендіру мөлшері әрекет етуші кәсіпкерлер үшін – 50%, ал бастауыш кәсіпкерлерге несие сомасының 85% құрайды.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз