Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

6 тамызда Қостанай облысында кей жерлерінде найзағай, оңтүстік шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, күші 15-20 м/с күтіледі. Күндіз кей жерлерінде бұршақ күтіледі.

Сол күні Қостанай қаласында оңтүстік шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, екпіні 18 м/с күтіледі.

6 тамызда күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. 6-7 тамызда күндіз өңірдің кей жерлерінде 41-43 градус қатты ыстық күтіледі.

Сол күні Түркістан қаласында күндіз 41-43 градус қатты ыстық күтіледі.

6 тамызда күндіз Қызылорда облысында солтүстік шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетіп, шаңды дауылға айналуы ықтимал. Күндіз 42°С қатты ыстық күтіледі.

6-8 тамызда күндіз Жамбыл облысының кей жерінде шаңды боран соғады, солтүстік шығыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, жылдамдығы 15-20 м/с . Күндіз 36-41°С қатты ыстық күтіледі.

Тараз қаласында 6-8 тамызда күндіз 38-40°С қатты ыстық күтіледі.

Еске сала кетсек, сейсенбіде СҚО-да күшті жел соғып, бұршақ жауады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 тамыз 2019 г. 310 0