Базарда 30 дүңгіршек өртеніп кетті

Елордадағы «Big Шанхай» базарында 30 дүңгіршек жанып кетті. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
 «6 тамыз күні сағат 03:49-да Нұр-Сұлтан қаласының «101» пультіне Байқоңыр ауданының Алаш көшесінде орналасқан «Big Шанхай» базарында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Алғашқы өрт сөндірушілер жеткен 03 сағат 57 минутта «Ярмарка» азық-түлік павильонында халық тұтынатын тауарлар орналасқан 30 дүңгіршек жанып жатқаны анықталды. Құтқарушылардың күшімен 04:35-те жалынның таралуы тоқтатылып, 05:08-де толығымен ауыздықталды», - деді ресми өкіл. Тілсіз жау 500 шаршы метр аумақты шарпыған. «Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің 44 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды», - деп толықтырды Н.Нұрахметов.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 тамыз 2019 г. 457 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930