Әзербайжан қағаз ақшадан бас тартпақ

Әзербайжанның Орталық банкі әлем елдерінің қағаз ақшадан бас тартып, гибридті субстратқа көшу үдерісін жіті бақылап келеді. Мемлекет қағаз ақшадан бас тарту жағын да қарастыруға әзір отыр. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА Trend агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Әлемнің біраз елінде ақша белгілерінің айналымда жүру мерзімін ұзарту әрі жалған ақша жасаудан сақтану мақсатында полимерлі гибридтік материалдар пайдаланылады. Жаңа технологиялар қағаз бен полимердің қоспасынан осындай материал жасауға мүмкіндік беріп отыр. Әзербайжан Орталық банкі де қажет болған жағдайда жаңа манат шығару үшін осы материалды зерттеуге дайын екенін мәлімдеді. Қазір айналымда жүрген қағаз манаттар 100 пайыздық мақтадан жасалған, ал монеталар болат, мыс, латунь, никельден соғылған.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 тамыз 2019 г. 242 0