Доллар курсы 390 теңгеге жетті

Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 390 теңгеден асты.

Kurs.kz хабарлауынша, валюта айырбастау пункттерінде шетел валютасы 389,3 - 390,5 теңгеге сатылуда. 6 тамызда айырбастау пункттеріндегі доллар 389 теңгені құрады. Доллар ақша ауырбастау орындарында өсуді жалғастыруда. 7 тамызда KASE сауда-саттығының нәтижесінде доллар 387,45 теңге болды, ал жақында оның құны 386,97 теңгені құрады. Бұған дейін ақша айырбастау орындарында қазақстандықтардың жеке мәліметін тіркейтінін хабарлаған едік.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 тамыз 2019 г. 252 0