Жыл басынан бері 22 мың адам Қазақстаннан көшіп кеткен

2019 жылдың І жарты жылында 22,3 мың отандасымыз өзге елге көшу бойынша құжат толтырған. Бұл туралы LS хабарлады.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, адамдардың басым бөлігі көрші РФ-ға көшкен, онда кеткендердің саны 19 650. Ал Германияға –1,4 мың отандасым көшкен, Польшаға – 321, Өзбекстанға – 238, Белорусияға – 162, Қырғызстанға – 129 адам көшкен.
Сондай-ақ, ведомство LS-ге берген жауабында жарты жылда АҚШ-қа 130, Израиль мен Канадаға 45 Қазақстан азаматының көшкенін айтқан. Елімізден көшіп кеткендердің 5,8 мыңы кәмелеттік жасқа толмағандар.
Шетелге көшіп кеткендердің басым көпшілігі Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары болып шықты, олардың саны 3 мыңдай. Қостанай облысынан – 2,9 мың, Қарағандыдан – 2,8 мың, Павлодардан – 2,3 мың, Нұр-Сұлтан қаласынан – 2 мыңнан аса, Алматыдан – 1,9 мың адам кеткен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 тамыз 2019 г. 463 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Желтоксан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031