Демалыс күндері ауа райы қандай болмақ?

Қазақстанның батысында найзағай ойнап, жаңбыр жауып, температура төмендейді. «Қазгидромет» РМК еліміздегі 10-12 тамызға арналған ауа райына болжам жасады. 

«Скандинавия түбегінен жылжыйтын терең циклонмен байланысты жаңбыр жауады, еліміздің батысында жаңбыр жауып, найзағай жарқылдай, дауылды жел тұрып, бұршақ жауады деп болжануда. Алдағы күндерде ауа температурасы 18…23°С дейін төмендейді», - делінген хабарламада. 

Тек оңтүстік аймақтарда жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады.


BAQ.KZ
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 тамыз 2019 г. 440 0