Айша – Әлем біріншілігінің жүлдегері

Жуырда Өзбекстан мемлекетінің астанасы Ташкент қаласында таэквондодан жасөспірімдер арасында Әлем чемпионаты өтті. Әлемнің 65 мемлекетінен түрлі салмақ бойынша 500-ге жуық  жас татами шеберлі қатысқан байрақты жарыста ел намысын жерлесіміз, Байқоңыр қаласындағы №277 мектеп-лиейдің 9 сынып оқушысы Айша Әділбекқызы қорғады.

Бұған дейінгі де көптеген халықаралық жарыстарда 43 келі салмақ дәрежесі бойынша топ жарып, Сыр спортының мерейін тасытып келген, Қармақшы аудандық №15 мамандандырылған олимпиадалық резервтің жасөспірімдер мен балалар спорт мектебінің жаттықтырушылары Аман Жакудаев пен Нұржан Тоғановтың шәкірті Айша Әділбекқызы жарыс барысында Ресей, Молдова және Белгия палуандарын жығып, ақтық белдесеуде ирандық палуан қызға есе жіберіп, Әлем біріншілігінің күміс жүлдесін мойынына тақты.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 тамыз 2019 г. 224 0