Көлікті ұрлап, айдап кеткен жігіт іздестірілуде

5 тамызда түнгі 01:40-03:00 сағат шамасында белгісіз біреулер Қызылорда қаласы Құтпанов көшесі №2 үйден үйінің гаражында тұрған мемлекеттік белгісі 011 QII/11 «TOYOTA LAND CRUISER 200» автокөлігін айдап, ұрлап оқиға орнынан бой тасалап кеткен.

Жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде қылмыс жасаған тұлғаның бет-бейнесі бейнебақылау камерасына түсіп қалғаны анықталды. Аталған қылмыс оқиғасы бойынша және күдікті тұлғаны таныған, білген, көрген, естіген куәлар болса, Қызылорда ОПД-нің 8/7242/29-70-10, 8/7242/29-56-46, 8-702-277-92-70, 8-705-131-47-00  байланыс телефондарына хабарласуыңызды сұраймыз. Хабарламашы туралы мәліметтер жарияланбайтындығына кепіл береміз.

 Сондай-ақ, Қызылорда ОПД-і Қазақстан Республикасы Кылмыстық кодексінің 53-бабына сәйкес, кінәлі тұлғаның айыбын мойындап келуі қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып табылатындығын хабарлайды.


Қызылорда ОПД-нің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 тамыз 2019 г. 472 0