Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы

Қазақ руханиятының кеңістігінде Абай есімі ұлттық сананың оянуы, қоғамның озық күштерімен сабақтаса өркениеттілікке ұмтылысы, әділдіктің, даналықтың, жалпы адамзат қарым-қабілетінің шырқау биігіне үндеген терең толғаныстарымен әлеуметтік әділдіктің айғағы тұрғысында танылған.
Алдағы жылы кемеңгер ақынның өмірге келгеніне 175 жыл толады. Бұл орайда елімізде кең ауқымды мәдени шаралар жүзеге асырылып жатыр. Соның бір көрінісі – Ә.Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми кітапхана және қаладағы №2, №6 кітапханалардың ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай кітапхана оқырмандардың қатысуымен "Абай – ұлтымыздың ұлы мақтанышы" атты әдеби оқу кеші өтті.
Әдеби оқуды "Жастар таңдайды" облыстық байқауының жеңімпазы Төребай Тұрсынбай Абайға  арнау өлеңімен ашса, одан әрі ақын жырларын оқуды Д. Иззат, Н.Жанболат, А.Көпжасарова, Ж.Нұрмұхамед, А.Әбілғазым, А.Кешабадин сияқты жасөспірім оқырмандар жалғастырды. Кітапханашы Айжан Болатқызы Абай әндерін шырқап, кештің шырайын келтірді.

     СБ ақпарат

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 тамыз 2019 г. 429 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930