Шахматшылар ұстазды ұлықтады

«Болашақ» университетінде  «KYZYLORDA-DA» атты шахматтан республикалық турнир өтті. Ұстаз Дәуренбек Ахметовті еске алуға арналған шара мұндай форматта алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған өңірдің мықты 30 шахматшысы мен Ақтөбе, Шымкент, Тараз және Түркістаннан қонақтар қатысты.

Шараның жабылуында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов жеңімпаздарды марапаттады. Стандартты шахмат ойынында шымкенттік Әбілмансұр Әбділхайыр жеңімпаз атанса, екінші орынды Әсел Серікбай иемденді. Ал үшінші орын ақтөбелік Нұрсұлтан Кенжалинге бұйырды. Блиц ойынынан  Нұрсұлтан Кенжалин бірінші орын алса, одан кейінгі орындарды Назерке Нұрғали мен Әбілмансұр Әбділхайыр өзара бөлісті. Одан бөлек, «Жеңіске жігер» номинациясын Назерке Нұрғали жеңіп алды.

Турнирге қастысушылардың атынан шахматтан 6 дүркін Азия чемпионы Әсел Серікбай Ахметовтер отбасына алғысын білдірді. Барлық жеңімпаздарға арнайы диплом, кубок, медаль және ақшалай сыйлықтар тапсырылды.

«Сб» ақпарат.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 тамыз 2019 г. 165 0