Балалар кітап әлеміне саяхаттады

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Кітап әлеміне саяхат» тақырыбында «Жайна құлыншақ» балабақшасында  шара ұйымдастырды. Онда бүлдіршіндердің даму қабілеттеріне арналған түрлі-түсті суретпен безендірілген «сөйлейтін» ертегілер, балалар жазушыларының әңгімелері мен өлеңдері, «аудио-әже» дискі, магнитті кітаптар, тағы басқа таңғажайып басылымдар оқуға ұсынылды.
Кітапхана қызметкері Қарлығаш Құлмырзаева мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына көмек ретінде олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып, ерте жастан кітап оқуға қызығушылығын арттыру мақсатында мұндай шаралар жиі өткізіліп тұратынын айтты.
– Балалар 3-5 жас аралығында әр нәрсеге қызығып, жаңа зат көрсе соны ұстап көруге ұмтылады. Қазіргі балалар өте бақытты кезеңде өмір сүруде. Себебі, түрлі форматта шығарылған кітаптар көп. Ертегілерді де аудио арқылы тыңдап, 3D үлгісінде шығарылған кітаптан оның кейіпкерлерін тамашалауға болады, – дейді кітапханашы.
«Сб» ақпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 тамыз 2019 г. 90 0