Жапониядағы аптап ыстық: 23 адам қайтыс болып, 13 мыңы ауруханаға түсті

Жапонияда бір аптаның ішінде аптап ыстықтан көз жұмғандар саны 23-ке жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Kyodo агенттігіне сілтеме жасап.

Күн шығыс елінің бүкіл аумағында біраздан бері ыстық бәсеңдемей тұр. Жапония Бас өрт басқармасының кешегі дерегі бойынша, басынан күн өтіп ауруханаға түскендер саны 13 мыңға жуықтаған.

Әсіресе Токиода жағдай қиын. Ел астанасында 1465 адам ауруханаға жатқан. Бұдан бөлек, Саитама преферектурасында 977, Осакада 897 адамның басынан күн өткен.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 тамыз 2019 г. 200 0