Қазалыда ауыл тұрғындары онлайн түрде кеңес алды

Қазалы ауданының тұрғындары кәсіпкерлікті дамытуға байланысты мамандардан онлайын режимде кеңес алуда. Аталған жоба аудандық кәсіпкерлік өнеркәсіп және туризм бөлімінің «Қазалы ауданының ауылдық округ тұрғындарына онлайн режимде бейнебайланыс арқылы кәсіпкерлік мәселелері бойынша құқықтық көмек көрсету және кеңес беруді ұйымдастыру» жобалық басқару шеңберінде жүзеге асуда.

Бүгін ауданымыздағы Ақжона, Алға, Аранды және Арықбалық ауылдық округінің тұрғындары мен жеке кәсіпкерлерінің сұрақтарына аудандық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары мен кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандарыонлайн режимде бейнебайланыс арқылы жауап берді.

Айта кетейік, бұл жоба біздің ауданымызда 2019 жылдың 30 қарашасына дейін жалғасатын болады.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 тамыз 2019 г. 166 0