"Жанұясымен шешеді": БҒМ басшысы ақылы олимпиадаларға қатысты ойын айтты

Асхат Аймағамбетов қазақстандық мектептерде ақылы олимпиадалар мен оқушыларға арналған конкурстардың жиі өтетінін атап өтті. Білім министрі аталған мәселені шешуге бел буды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Түрлі олимпиадалар мен байқауларға, оның ішінде біздің мектептерде көптеп ұйымдастарылатын ақылы олимпиадалар мен байқауларға қатысты - ата-аналар кейде оларға қатысуға мәжбүр. Кейде одан нәтиже де шықпайды.
"Интернет-олимпиадалар да бар. Оған ақша төлеп, тапсырмаларын компьютерден шығарып алады. Сосын үйге барып барлық отбасымен шешеді. Сосын жүлделі орындарды иеленеді. Бұл қаншалықты дұрыс және қажет?", - деді министр.
Білім және ғылым министрлігінің мектептердегі осындай ақылы конкурстарға қатысты ұстанымы: мұндай форматта және көлемде олар болмауы тиіс.
"Мектепте қазіргі уақытта бар ақылы олимпиадалардың саны мен осындай форматы болмауы тиіс. Олимпиадалар мен байқаулар қажет, бірақ мұнда БҒМ тарапынан нақты регламент болады", - деді Аймағамбетов.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 тамыз 2019 г. 403 0