Мақсат - Азия чемпионы

Бүгінде Моңғолия атанасы Улан-Баторда ересектер арасында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтуде.

Әлемнің көптеген мемлекеттерінен өз салмақ дәрежелері бойынша үздік деп танылған боз кілем шеберлерінің қатысуымен өткізіліп жатқан байрақты додада бақтарын сынап жатқан  Сыр елінің балуандары жарысты тамаша жетістіктермен бастауда.

Атап айтар болсақ, жарыс барысында 100 келі салмақ бойынша боз кілем үстінде өнер көрсеткен жерлесіміз Мақсат Исақабылов барлық қарсыластарының жауырынын жер иіскетіп, Азия чемпионы атанды. Мақсат өткен жылы да Азия біріншілігін жеңіп алған болатын.

Сонымен бірге, осы жарыста тағы бір жерлесіміз  Жайдарбек Есенов 82 келіде  қола медальге ие болды.

Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 тамыз 2019 г. 77 0