"EXTREME Fest" жастар фестивалі

18 тамыз – Спорт күніне орай, Қызылорда облыстық  "Nur Otan" партиясы филиалының қолдауымен "Jas Otan" Жастар қанаты қала тұрғындары  арасында "EXTREME Fest" жастар фестивалін ұйымдастырды.

"Workout", "Parkur", "BMX", "Skateboarding" секілді көше спорты түрлерінен өткен сайысқа 25-тен астам спортшы жас қатысты.

"Parkur" сайысында Б.Тәшімбетов «Үздік трюк» номинациясына ие болса, "BMX" сайысы бойынша Д.Бакенов, Ә.Нұртөре, Р.Галимов жүлдегерлер қатарынан көрінді. Сондай-ақ, "Skateboarding" жарысында А.Сахи, М.Нурумбеов, А.Югай, "Workout" сайысы бойынша А.Алпысбаев, Ө.Дәрменов, Е.Насраддин жүлделі орындарға ие болды.

Айтпа кету керек, жастар фестиваліне облыстық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Әлназарова қатысып,  үздіктерді сертификат және бағалы сыйлықтармен  марапаттады.



 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 тамыз 2019 г. 299 0

Едел-Жедел

Күнтізбе

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930