Сала үздіктеріне құрмет

Облыс орталығында ҚР Спорт күні мерекесіне орай велошеру өтті. Бұқаралық шара Тәуелсіздік даңғылынан басталып, Ш.Есенов көшесі арқылы «Мұз айдыны» спорт кешенінде мәреге жетті.
Велошеруге облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Олжас Акимов, спортшылар, әуесқойлар және қала тұрғындары қатысып, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты. Р.Рүстемов спортшыларды кәсіби мерекемен құттықтап, саланың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлерді марапаттады. Спорт ардагерлері Жақсыбек Егізбаев, Төлеген Анасбайұлы, Роман Пен, №19 олимпиадалық резерв мектебінің директоры Серік Алмағамбетов, бокс, еркін күрес және əмбебап жекпе-жектен облыстың аға жаттықтырушылары, т.б. сала қызметкерлері ҚР Мəдениет жəне спорт министрлігінің Құрмет грамотасын алды.

«СБ» ақпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 тамыз 2019 г. 53 0