Мақсат – Азия чемпионы

Бүгінде Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда ересектер арасында қазақ күресінен Азия чемпионаты өтуде.
Оған әлемнің көптеген мемлекеттерінен өз салмақ дәрежелері бо­йынша үздік деп танылған боз кілем шеберлері қатысып жатыр. Байрақты додада бақтарын сынаған  Сыр елінің балуандары жарысты тамаша жетіс­тіктермен бастады.
100 келі салмақ бо­­йынша боз кілем үстінде өнер көрсеткен жерлесіміз Мақсат ­Исақабылов барлық қарсыластарының жауырынын жерге тигізіп, Азия чемпионы атанды. Мақсат өткен жылы да Азия біріншілігін жеңіп алған болатын.
Сонымен бірге, осы жарыста тағы бір жерлесіміз  Жайдарбек Есенов 82 келіде қола медальға ие болды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 тамыз 2019 г. 267 0