Қазалыда спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды

Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаев спорт күніне орай Жалаңтөс батыр атындағы орталық стадионда өткен шараға қатысып, спортшылар мен олардың жаттықтырушыларын және сала ардагерлерін құттықтады.

– Қазіргі таңда Қазалы ауданында бұқаралық спортпен шұғылданушылар 21 796 адамға жетіп, бұл көрсеткіш аудан халқының 28,3 пайызын құрады. Спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысқан қазалылықтар спортшылар жыл басынан бері 16 алтын, 21 күміс, 36 қола медальға қол жеткізіп отыр.Одан бөлек, жерлестеріміз Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы атанып, 3 спортшы Қазақстан Республикасының спорт шебері, 39 адам спорт шеберіне үміткер, 46 спортшы бірінші разряд нормативін орындады, – деген аудан басшысы шәкірттерін жеңіс тұғырына жетелеп жүрген жаттықтырушылар мен спортшыларды «Алғыс хатпен» марапаттады.

Салтанатты шара үстінде спорт ардагері, волейболдан аудан құрамасының аға жаттықтырушысыМарат Мамаев, №18 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебіндегі қазақ күресінің жаттықтырушысыМұхтар Серікұлы, Әйтеке би спорт клубы қоғамдық бірлестігінің нұсқаушысыЕрнар Қайыржанұлы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының «Алғыс» хатымен, мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасындағы облыстық спартакиадада жалпыкомандалық есепте екінші орын алған ауданның құрама командасы аудан әкімінің «Алғыс» хатымен марапатталды.

Сондай-ақ, бұл күні «Бәріміз футболға» атты көше командалары арасындағы аудан әкімінің ауыспалы кубогі үшін өткен жарыстың қорытындысы шықты. Байрақты бәсекеніңжеңімпаздары мен жүлдегерлерін аудандық футбол федерациясының президенті Фердоуси Қожабергеновмарапаттап, медальдары мен Дипломдарын табыстады.



Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 тамыз 2019 г. 216 0