Ақмола облысында енді алып үкі пайда болды

Ақмола облысы Шортанды ауданының Научный ауылында үкінің үлкен ескерткіші пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының жас ғалымдары креатив танытты – олар шөптен үкі жасап шықты. Олардың пікірінше, үкі – даналық, парасататтылық пен ғылымға деген құмарлық символы. Үкі барлық азаматты 23 тамыз күні Бараев атындағы орталықта өтетін алаң күніне шақырады», - деп жазды «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім орталығының» төрағасы Төлеутай Рахымбеков.
Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың шілде айының басында Алматы қаласындағы «Атакент» сауда-көрме орталығында алып тиін бой көтерген еді. Алматы имиджін жақсарту мақсатында салынған жоба көпшіліктің ашуын келтірген болатын. Жағымсыз пікірлердің айтылуына оған 23 миллион теңге жұмсалуы себеп болды.
Сондай-ақ, өткен жылдың шілде айында қазақ ұлттық аграрлық университеттің студенттері алаң күніне арнап Алматы қаласындағы тиіннің көшірмесін жасаған еді.
Бұдан өзге Қазақстан астанасында дәл осыған ұқсас сарышұнақты салу жоспарланды. Алайда артынша жоба іске аспай қалды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 тамыз 2019 г. 135 0