Режиссер Талғат Теменов Тоқаевқа ұсыныс айтты

Кездесу барысында еліміздегі театр өнерін дамыту мәселелері талқыланды

 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ драма театрының көркемдік жетекшісі Талғат Теменовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында еліміздегі театр өнерін дамыту мәселелері талқыланды.

Талғат Теменов Қасым-Жомарт Тоқаевқа елордадағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының жаңа ғимаратын салу жұмыстары туралы баяндады.

Сондай-ақ белгілі театр және кино режиссері болашақта мәдениет жылын жариялау, жас актерлердің әлеуметтік жағдайын жақсарту, баспанамен қамту мәселелері бойынша бірқатар ұсыныс айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың рухани сұранысын қамтамасыз етуде өнердің, соның ішінде театрдың маңызын атап өтіп, алдағы уақытта мәдениетке, театр мен киноға мемлекет тарапынан тиісті деңгейде көңіл бөлу жалғаса беретінін айтты.



ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 22 тамыз 2019 г. 110 0