Жас дебатерларға арналған тренинг өтті

Нұр-Сұлтанда еліміздің жас дебатерлеріне арналған тренинг өтті. Олар «Jastar Alany 2019» республикалық дебат турнирінің қатысушылары.

  Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаев жариялаған «Жастар жылы» аясында, «Jas  Otan» ЖҚ «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ  және Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Jastar Alany 2019" республикалық дебат турнирі атты әлеуметтік жобасын бірлесіп жүзеге асыруда. Жалпы жүлде қоры 4 млн теңгені құрайды.

Жобаның мақсаты-Қазақстандағы дебат қозғалысын жандандыру және дамыту, дебат федерациясын құру.

Жаз бойы еліміздің дебатерлері турнирге дайындалып, онлайн тіркелім жасады. Комиссия турнирге қатысу үшін 18-29 жас аралығындағы қазақ лигасының 40 командасын, орыс лигасының 20 командасын іріктеді. Турнир алғаш рет өткізіліп отырғанымен қатысушылар тарапынан жобаға үлкен қызығушылық танытуда, ал турнирге ографиясы еліміздің барлық өңірлері дебат қозғалысына белсене қатысатынын көрсетті. Жоба аясында қатысушылар үшін семинар тренинг өткізілді. Турнир жаттықтырушыларымен төрешілері жас дебатерлерге кеңес беріп, негізгі ережелерін түсіндірді, жағдайлық кейстерді талдап, халықаралық регламентімен таныстырды. Арнайы турнир қатысушыларына арналған екі тілдегі әдістемелік материалдармен, сондай–ақ Американдық, Британдық парламент және Линкольн-Дуглас (LD) форматымен таныстырды. Басқа аймақтардағы қатысушы бейне байланыс арқылы тренингке қатыса алды.


Әйгерім Шадеева, жаттықтырушы: 

- Менің ойымша, бұл жоба біздің елдегі дебат қозғалысына үлкен септігін берді. Мектеп, университет қабырғаларында жас дебатерлер өсе бастайды. Олар ойынның негізгі ережелерімен, форматтарымен танысады. Өз дағдыларын жетілдіреді. Үздіктердің үздігі бұдан әрі республикалық және халықаралық деңгейде ойнауға мүмкіндік алады.


Дәулет Кәрібек, "Jas Otan" ЖҚ төрағасы

- Осы турнирдің арқасында жастар өз пікірлерін айтып, ұстанымын қорғап, ақпаратты талдауға үйренеді. Атап өткен жөн, дебат қозғалысын таныту мақсатында, турнирдің финалдық ойындары ТВ және интернет кеңістігінде көрсетіледі.


Ақтық ойындар 22 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласындағы «Оқушылар сарайында» өтеді. Сондай-ақ, турнир қатысушылары мен қонақтарына арналған белгілі өнер, интернет және спорт өкілдерінің қатысуымен дебаттан «Жұлдызды ойын» күтіп тұр.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 31 тамыз 2019 г. 557 0