Қазақстан полицейлері алатаяқты бүгіннен бастап қайта қолданады

Қазақстан полицейлері жол бойындағы қозғалысты реттеу үшін алатаяқты қайта қолдана бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ішкі істер министрлігі 1 қыркүйектен бастап жол қозғалысын реттеу үшін алатаяқты қолдануға көшеді. Айта кету керек, алатаяқтар тек жол қозғалысын реттеу үшін, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында және нашар көріну жағдайында, сондай-ақ:  жол-көлік оқиғалары және жолдарда кептеліс пайда болғанда, оның ішінде бағдаршамдар істен шыққанда; көлік құралдарының ұйымдасқан колонналарын алып жүру кезінде;  терроризмге қарсы операцияны және (немесе) күзет іс-шараларын өткізу уақытында;  табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларын болдырмау және (немесе) жою кезінде қолданылады», - делінген ҚР ІІМ ақпаратында. 
Енді полицейдің үстінде сары түсті кеудеше, жарық шағылыстырғыш қолғап, сондай-ақ алатаяқ, және ысқырғыш болады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 01 қыркүйек 2019 г. 357 0