«Jas Otan» Жастар қанатының бастамасымен жатақханаларға мониторинг жүргізілді

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы мен Президенттің бес әлеуметтік бастамасы аясында, партия жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының бастамасымен аймағымыздағы құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жатақхана нысандарына зерделеу жұмыстары Қызылорда қаласындағы Қызылорда медициналық жоғары колледжінің қазіргі және жаңа жатақханасына, Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледжі, М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары қолледжі, И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледждерінің жатақханаларына жүргізілді.

Бақылау жұмыстарына облыстық «Nur Otan» партиясы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, «Қазпошта» АҚ ҚОФ директоры А.Абибуллаева, облыстық «Jas Otan» Жастар қанатының төрағасы Т.Тілесжәне «Ақмешіт адалдық алаңының» мүшесі Ж.Бексейітова қатысты.

Мониторинг нәтижесімен аналитикалық талдау жасалып оқу орындарының басшыларына және құзырлы органдарға арнайы ұсыныс хаттар жолданатын болады.

Алдағы уақытта құзырлы органдармен бірлесе аймағымыздағы ЖОО мен мемлекеттік емес оқу орындарының жатақханаларына мониторинг жұмыстары жүргізілетін болады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қыркүйек 2019 г. 160 0