Қазақстанда қайда қыдыруға болады?

Рухани жаңғыру жобасының ақпараттық порталы Қазақстанның сакралды мекендерімен таныстыру мақсатында  мистикалық жерлердің тізімін ұсыныпты. Олай болса, күз мезгілінде мемлекеттің қай жеріне саяхаттауға болатынын бірге тамашалайық.  

Мұзтау. Қазақстанның ең ірі ұлттық парктерінің бірі – Қатонқарағай. Оның көлемі жарты миллион гектар жерді алып жатыр. Ойлап қараңызшы, 500 000 гектар жер! Табиғаты тамаша Қатонқарағай Оңтүстік Алтай жерлерінде орналасқан. Бұл жерде Қызыл кітапқа енген аң-құстың отыздан астам түрі мекендейді. Ұлттық парктің ең танымал нысаны Алтай мен Сібірдің ең биік шыңы – Белуха тауы. Тау буддистердің және тылсым дүниені жанына жақын тартатын жандардың ең сүйікті орны. Таудың табиғаты мен аурасы тылсымға толы болғандықтан, және халық арасындағы сенімдерді негізге алатын болсақ, Белуха тауы кез-келген туристі бауырына басып қарсы алмайды екен. Бұл фактінің өзі жер-жерден авантюризмге толы саяхатшыларды Қатонқарағайға алып келеді. Біле-білсеңіз, оның мистикасы мен сакралдығын әлемнің үш басты діні мойындады. Аңыздарға сенетін болсақ, жұмбаққа толы Шамбала мен көне түркілердің Ұмай анасы да осы тау шыңын мекендеген екен. Белуха немесе Мұзтаудың халық арасындағы екінші атауы «Қатын Бажы». Ханшайым басы деген мағынаны беретін бұл сөз көне түркілердің Ұмай ананың мекендеген мекенін нақтыландыра түсіретін сияқты. Сакралды мекенді тағы да ауызға алатын болсақ, келесі бір жайтты жазбай кету мүмкін емес. Бір меценаттың түсіне біраз уақыт аралығында Белуха тауының орманына шағын шіркеу салу туралы бұйрық келіп түседі екен. 2004 жылы тау маңындағы ормандардың бірінде меценат шағын шіркеу тұрғызады. Араға төрт жыл салып шіркеу орналасқан орман түгелімен отқа оранады, ал аталмыш шіркеу сол күйі аман қалады екен. Тылсым күш емей, не болды екен?! 


Қайынды. Алматы облысы туристік бағыттарының сұранысқа ие жерлерінің бірі – Қайынды көлі. Табиғаттың ерекше құбылысы теңіз деңгейінен 1 600 метр биіктікте орналасқан. Көлдің «изюминкасы» қарағай ағаштары. Жүздеген жыл бұрын өз өмірін бастаған қарағайлар көлдің «сақшылары» іспеттес. Көлсайдың суының мөдірлігі келген саяхатшының қай-қайсысын болса да таң қалдырары анық. Тереңдігі жиырма бес метрді құрайтын көлдің құрамын толығымен зерттеймін деген адамға драйверлердің қызметі де табылады. Мөлдір көлдің суастын зерттеу үшін арнайы гидрокостюмді киген абзал, себебі көлдің температурасы бар болғаны +6. Қайындының жанға тыныштық сыйлайтын табиғаты барлық қонақтарға ұнары даусыз. Оған дәлел, жыл сайын көлге саяхаттап келген туристер географиясының өсуі. Достарыңызбен кездесіп қалғанда «Қайынды саяхаты» ортақ тақырыптан тыс қалып қалмау үшін, Қайындыға келіңіздер.



Өлі көл. Алматы облысының Сапақ ауылының маңында орналасқан көлдің мистикаға толы атмосферасы көп туристерді қызықтырары сөзсіз. Көлдің тылсым күшке ие екендігі жергілікті халыққа мәлім. Көлге суға түсуге келген адам кері қайтпаған. Көл суының тұздылығы соншалық, ол жерде маса мен шыбындар да мекендемейді. Флора мен фаунаның абсолютті жоқтығы адамдарды қаншалықты қорқытса, соншалықты өзіне тартады. Көлге барып келгендердің сөзіне сенетін болсақ, көлге батып кеткен адамның мәйіті су бетіне қалқып шықпайды, ол судың түбінде тігінен мәңгіге тұрып қалады екен. Жергілікті халық пен келуші қонақтардың гипотезасынан, ғалымдардың пікірінен дәйек келтірер болсақ, көлдің құрамындағы улы заттар көлемінің өте жоғары болуы көлдің табиғатына әсер етеді. Сол себепті Өлі көлде тіршілік жоқ. Тылсымды сезінгісі келген туристер үшін таптырмас саяхат – Өлі көлге бару.




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қыркүйек 2019 г. 106 0