Қасым-Жомарт Тоқаев 5 % қосымша зейнетақы жарнасын енгізуді кейінге қалдыруды тапсырды

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 5 % қосымша зейнетақы жарнасын енгізуді кейінге қалдыруды тапсырды. Ол бұл мәлімдесін Қазақстан халқына арналған жолдауында жасады. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлады.  

«Сондықтан, мен үкіметке қосымша 5 пайыз зейнетақы аударуды 2023 жылға дейін шегеруді тапсырамын. Содан кейін біз бұл мәселеге қайта ораламыз. Осы уақыт ішінде үкімет, бизнес өкілдері мен сарапшылар болашақ зейнеткерлердің де, жұмыс берушілердің де мүдделерін ескере отырып, әр түрлі нұсқаларды қарастырып, келісілген шешім қабылдауы керек. Үкімет салық кодексінде қарастырылмаған барлық төлемдерге тыйым салуы керек. Бұл қосымша салықтар», - деді Қ.Тоқаев.
Айта кетейік, 2020 жылдан бастап жұмыс беруші зейнетақы қорына қосымша 5% салым түсіріп отыруға міндеттелген болатын.Жұмыс беруші еңбеккерлері үшін қосымша 5% зейнетақы қорына аударуы міндеттеліп, нәтижесіндк тұрғындардың жалпы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына түсетін салым 15%-ға теңеседі делінген еді.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қыркүйек 2019 г. 96 0