Қазақстанда көпбалалы аналарды бизнеске тартатын бағдарлама әзірленеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен «Атамекен» ҰКП-ға бір айдың ішінде осындай бағдарламаны әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Аз қамтылған отбасылардың балаларына қамқор болу керек. Олар үшін кепілдендірілген әлеуметтік пакет енгізген дұрыс. Атап айтқанда, мектепке дейінгі балалар тұрақты көмек, барлық оқушылар үшін тегін ыстық тамақ, оларды оқу қажеттіліктерімен қамтамасыз ету, медициналық және стамотологиялық қызметте көмек беру, қоғамдық орында шығынын қысқарту... Бұл шаралар 2020 жылдың 1 қаңтарынын бастап күшіне енуі тиіс», - деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында.
Президент осы мақсатта Үкімет пен «Атамекен» палатасына бір айдың ішінде көпбалалы аналарды микро және шағын бизнеске тарту бойынша арнайы бағдарлама әзірлеуді тапсырды. «Ондай санаттағы аналар үйінде отырып, табыс табатындай деңгейге жетуі тиіс», - деді ол.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қыркүйек 2019 г. 314 0