Әрбір азаматтың денсаулығы назарда

Тәуелсіз еліміздің тағы бір тарихи сәті туды. Бүгін еліміздің Президенті Қасым -Жомарт Тоқаев 6-шақырылымдағы парламенттің 5 -сессиясын ашып, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға арналған Жолдауын таныстырды.
Біз Жолдауды ғаламтор арқылы біліп таныстық. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, көптеген түйткілді мәселелердің шешілу жолдары қарастырылған. Соның ішінде, денсаулық сақтау саласына да үлкен мән берілді.
Ақпарат беттерінде жарияланған Президент Жолдауының үзінділерінде денсаулық сақтау саласына енгізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселесі күн тәртібіне қойылды.
Әрине, 2020 жылдан бастап енгізілгелі отырған міндетті әлеуметтік сақтандырудың халық денсаулығын нығайтуда жаңашыл өзгерістерге әкелетініне сенімдіміз. Қазіргі уақытта Сырдария ауданының 36298 халқына 135 төсек орындық аудандық аурухана, ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, 9 дәрігерлік амбулаториялар, 3 фельдшерлік-акушерлік бекеттер, 1 медициналық бекет қызмет көрсетеді.
Аудандық денсаулық сақтау саласында барлығы 691 қызметкер, оның ішінде 82 дәрігер, 362 орта буынды қызметкерлері қызмет атқарады.
Соңғы жылдары аудан медицинасының қаржыландырылуы артуы, материалдық – техникалық база нығайтылды. Заманауи қажетті қондырғылармен толықты. Аудан халқының медициналық электронды төлқұжаттары жасалып, әрбір азаматтың денсаулығы назарға алынып отыр.
Жалпы Жолдау алдағы міндеттері айқындап берді. Халық өмір жақсарту, сол арқылы медициналық әлеуетті жоғарылату бағытындағы міндеттерді орындау біздерге міндет.

Нұржамал Мырзағалиева,
Сырдария аудандық ауруханасының бас дәрігері.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қыркүйек 2019 г. 379 0