Көше жастары арасында "WORKOUT" сайысы өткізілді

Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында аудандық жастар ресурстық орталығы және «САНА» зияткер жастар мектебі» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен көше жастары арасында «WORKОUT» сайысы өткізілді.
Аудандағы "Спорт клубы" КММ алаңында ұйымдастырылған жарысқа барлығы 23 жас спортшы қатысып, бақ сынады. Көше спорты саналатын сайыста І орынды Данияр Кеңесов еншілесе, ІІ орын Ғазиз Бектұрсынға, ІІІ орын Ғасырбек Амановқа бұйырды.
Ұйымдастырушылар тарапынан жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтармен, дипломдар табысталды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қыркүйек 2019 г. 252 0