Жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын жариялады. Республикалық телеарналарда ұсынылған көрсетілімді «Сыр медиа» ЖШС ұжымы да тамашалады.
Стратегиялық құжат экономиканы жаңғырту және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған. Жолдауда Президент қазір бізге тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отырғанын атап өтті. Азаматтық қоғамды қолдауды, бірқатар ауыр қылмыс түріне жазаны қатаңдатуды тапсырды. Алдағы уақытта Елбасының «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасып, дарынды ауыл жастарын қолдау арта беретін болады. Сондай-ақ, Президент аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін «Дарынды баланың қабілетін дамытудың»  жол картасын және Үкімет пен «Атамекен» ҰКП-ға бір айдың ішінде көпбалалы аналарды бизнеске тарту жөнінде бағдарлама әзірлеуді тапсырды.

Айдана ЖҰМАДИНОВА,
"Сыр бойы".
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 02 қыркүйек 2019 г. 341 0