Алты адам арызданған: Отандық журналист Дәулетбекқызының былығын ашты

Белгілі тележүргізуші сотқа берген журналист Бибігүл Дәулетбекқызына тағы алты адам шағымданған. Бұл жайлы журналист, қоғам белсендісі, экс-әріптесі Тоқтар Жақаш өзінің Facebook желісіндегі парақшасында жазған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Журналистің айтуынша, Дәулетбекқызы біраз адамның ақысын жеп, қарыздың астында қалған.
"...Бұл осы бикешке қатысты арыздың бастамасы ғана. Әлі талай зардап шегушіден шағым түсуі ғажап емес", - дейді ол.
Айсуна Жұмабек, Айдос Игіліков, Дос Смағұл, Ботакөз, Айша Кеңесбайқызы есімді азаматтар журналистен жапа шеккендері жайында Тоқтар Жақаштың тікелей эфирінде айтып беріпті.
Олар Бибігүлдің өздеріне қыруар қаражат қарыз екенін алға тартып отыр екен.
Онымен қоса, Instagram желісінде түрлі қайырымдылық шаралар мен байқау өткізіп жүрген Бибігүл Дәулетбекқызы мен Жанар есімді әріптесінің әңгімесі тарап жүр.
Аудиожазбада халықтың әнші Гаухар Әлімбекованың бостандыққа шығуына жинаған қаражатының шикілігі, Ақбота Керімбекова жайлы өз шындығы мен боқауыз сөздері жазылып қалған.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бибігүл Дәулетбекқызы Ринат Кертаев, Баян Алагөзова, Аружан Саин, Салтанат Бақаевамен келіспей қалған еді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қыркүйек 2019 г. 683 0