Мейрамбек Бесбаев әкімнің кеңесшісі болды

Әнші Мейрамбек Бесбаев Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың мәдениет саласы бойынша штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы қала әкімі Instagram-дағы парақшасында жариялады. 
 «Бүгін, Мейрамбек Бесбаевты мәдениет саласы бойынша штатан тыс кеңесшім етіп тағайындадым», - деді Бақытжан Сағынтаев. Мейрамбек Бесбаев - қазақстандық әнші, термеші, МузАРТ тобының мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 03 қыркүйек 2019 г. 668 0