Руханиятқа деген айрықша қолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халқына арнаған алғашқы Жолдауында мәдениет саласының қызметкерлеріне қолдау көрсету керегін баса айтты.

Үкіметке келесі жылдан бастап мәде­ниет қызметкерлерінің еңбек­ақысын көбейтуді тапсыруы, енді білім беру және денсау­лық сақтау салаларындағы міндетті әлеуметтік жеңілдіктер мәдениет саласының өкілдеріне де берілетіндігі туралы жаңалық біздің – өнер иелерінің мерейін өсірді. Президент елдің рухани құндылығының артуына еңбек сіңіретін кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің еңбекақысын көбейту мәселесіне де назар аударды. Бұл аталған саладағы кәсіп иелерінің беделін арттырып, сапалы кадр қалыптасуына әсер ететіні белгілі. Құндылығы мол қазақы мәдениетті қалыптастырған, өнерлі, өнегелі жандар құрметке лайық. Президенттің стратегиялық маңызды құжатта мәдениет қызметкерлерінің мәртебесіне, әлеуметтік жағдайына баса мән беруі руханиятқа деген айрықша қолдауы деп білемін.

Үміт МЕДЕУОВА,

ҚР мәдениет қайраткері,

 облыстық филармонияның әртісі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қыркүйек 2019 г. 247 0