Салаға серпін берді

Кезекті Жолдау әр саланың алдында тұрған басты мақсатты тағы бір айқындады. Соның ішінде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының мәдениет қызметкерлеріне қолдау көрсету туралы тапсырмасы тың серпін берді. Мемлекет басшысының еңбекақыны көтеру, әсіресе мәдениет саласында қызмет ететін жас мамандарды жеңілдігі бар тұрғын үймен қамтуға қатысты айтқан ұсынысын біз ерекше ықыласпен қабылдадық. Ол саланың беделін биіктетіп ғана қоймай, кадр тапшылығын азайтуға септесері сөзсіз.
Жоғарыда айтқанымдай, құжатта бұдан бөлек қамтылған мәселе көп. Жастарды қолдау, соның ішінде  300 жасты іріктеп, «Президенттің кадрлық резервін» құрудың да артықшылығы көп деген ойдамын. Ол  мемлекеттік басқару құрылымына қан жүгіртуге, халықпен ашық әрі сенімді диалог орнатуға мүмкіндік береді. Осы бастамалардың сәтті жүзеге асарына күмән жоқ. Ол үшін бүкіл қоғамның тастүйін бірлігі мен ынтымағы қажет деп білемін.

Мақсат МАҚҰЛБЕКОВ,
облыстық филармония әртісі.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 04 қыркүйек 2019 г. 271 0