Үндістан телешоуында Нұрсұлтан Назарбаев туралы сұрақ қойылды

Үндістанда Kaun Banega Crorepati ("Миллион кімге бұйырады?" бағдарламасына ұқсас) телешоуының қатысушысы Нұрсұлтан Назарбаев туралы сұраққа жауап беріп, 20 мың доллар ұтты, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы. 
Ер адамға Қазақстанның Тұңғыш Президенті туралы сұраққа жауап беру керек болған. Сұрақ былай қойылды: "2019 жылы қай елде елорданың атауы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне ауыстырылды?". Жауаптары мынадай болды: Қырғызстан, Қазақстан, Косово және Кения. Бағдарламаның қатысушысы қосымша көмекке жүгінді. Маманның жауабы дұрыс болып шығып, ер адам қомақты соманы ұтып алды


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қыркүйек 2019 г. 260 0