Жастар жалға берілетін пәтерді қалай ала алады?

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз  тұрғын жайды жалға беру қағидаларын бекітті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бекітілген қағидаға сәйкес, өтініш беруші сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын жайды алу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
 1)  осы қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқа жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);
 3) білімі туралы құжаттың көшірмесі;
4) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
 5) балалардың туу туралы куәлігінің (терінің) көшірмесі (бар болса);
6) өтініш берушіге және отбасының барлық мүшелеріне жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
 7) жұмыс орнынан анықтама;
 8) өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама
; 9) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын құжаттар;
 10) банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;
11) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса). Балдарды есептеу балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады:
1)        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017 - 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган бекіткен нарықта 100 (жүз) сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне сәйкес кәсіпті меңгерген өтініш берушіге –10 балл; 2) отбасы болған жағдайда – 5 балл, некеде тіркелген әрбір жылы үшін – 2 балл; 3) 1 (бір) бала болған жағдайда – 1 балл, әрбір кейінгі бала үшін – 2 балл; 4) жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде кемінде 1 жыл – 5 балл, әрбір жыл үшін – 1 балл; 5) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған жағдайда - 2 балл; 6) бюджеттік ұйымдардағы еңбек қызметі үшін (мемлекеттік мекемелерде мен мемлекеттік кәсіпорындарда) – 5 балл, өтілінің әрбір жылы үшін – 1 балл; 7) екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың әрбір жылы үшін – 2 балл.
Баллдар тең болған жағдайда өтініш берген күннен бұрын өтініш берген үміткерлер басымдыққа ие болады. Сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй 5 жыл мерзімге беріледі.  


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қыркүйек 2019 г. 275 0