Жергілікті серіктестікке қарасты қоймада өрт шықты

Қызылордада жергілікті серіктестікке қарасты қоймада өрт шықты. Қоймада 100 шаршы метрдей аумаққа зиян келген.
Өрт жайында хабар алған  №7 өрт сөндіру бөлімшесінің жеке құрамы оқиға орнына дереу жетті. Өрт сөндірушілер барлау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 100 шаршы метр аумақта жылу оқшаулағыш жанып жатқаны анықталды.
«Өрт сөндірушілер жедел әрекет етті. Нәтижесінде өрт толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта қоймадағы өрттің шығу себебі мен шығыны анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің маманы Айгүл Нұрманова.
Бұдан бұрын өртеніп жатқан үйден қызылордалық тұрғын 2 баланы құтқарып қалғанын  хабарлаған едік.  


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 05 қыркүйек 2019 г. 265 0