Шиеліде бидай тиелген жүк көлігінің тіркемесі өртеніп кетті

Қызылорда облысы Шиелі ауданы аумағындағы тас жолда «МАЗ-5432-03» автокөлігінің тіркемесіндегі 800 бау жоңышқа шөбі мен 3 тонна бидай өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш оқиға «Шымкент-Самара» тас жолының бойында орын алған. Түркістан облысы тұрғынының басқаруындағы «МАЗ-5432-03» автокөлігінің тіркемесіндегі 800 бау жоңышқа шөбі мен 3 тонна бидай өртеніп кеткен.
«Өрттің шығу себебі белгісіз. Оқиға орнына сол аймақта қызмет атқарып жүрген патрульдік полиция қызметкерлері барды. Оқиға барысын таразылаған олар бұл жерге өрт сөндіру қызметі мамандарын шақырды. Оқиға барысында зардап шеккен адамдар жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қыркүйек 2019 г. 280 0