Тың міндеттер сараланды

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа алғашқы Жолдауын жолдады. Мемлекет басшысының Жолдауда көтерген түйткілді мәселелері, оны шешуге бағытталған нақты қадамдары көпті елең еткізді.

Саяси құжатта Қасым-Жомарт Кемелұлы халықпен кері байланыс орната білу, әрбір мәселені жедел шешуге ден қою –мемлекеттік орган жұмысындағы басты бағыт екенін, ол үшін азаматтардың мұң-мұқтажын,өтінішін қарау деңгейінің сапасын бақылайтын арнайы бөлімнің де ашылғанынан хабардар етті. Мемлекеттік органдарға даярлығы мықты жас кадрларды тарту қажеттілігін де шет қалдырмады. Бұл ретте Президент білімді, талантты жастарды іріктеп, «Президенттікжастар кадрлық резервін» құрудың артықшылығын жеткізді. Расында, ол мемлекеттік басқару құрылымына қан жүгіртіп, халықпен ашық әрі сенімді диалог орнатуға мүмкіндік бермек.

Бұдан бөлек, Жолдауда алдағы жылдарда басымдық берілетін 6 әлеуметтік бағыт тұжырымдалды. Олардың қатарында білім беру сапасын жақсарту, отбасы институтын қолдап, инклюзивті қоғам құру, мәдениет қызметкерлерін қолдау, әлеуметтің әлеуетін көтеру және зейнетақы қоры жүйесін жетілдіру сияқты маңызды міндеттер бар. Құжаттағы «Егер қажетті құрылымдық өзгерістерді жүзеге асырсақ, 2025 жылға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін жоғары деңгейге жеткізуге болады» деген пайымның нақты жағдайларға талдау жасау арқылы жасалған болжам екенін де аңғаруға болады. Себебі, жыл сайынғы 5 және одан да жоғары өсімге қол жеткізу ел экономикасын жаңа белестерге көтерері даусыз.

Бүгінде Қасым-Жомарт Кемелұлының «Мен халыққа сайлау алдындағы берген уәдемді толығымен орындаймын» деген сөзінің өзі жұршылықты жігерлендіріп, еңбекке деген күш-қуатын арттырып отыр. Мемлекеттік қызметшілер де Мемлекет басшысының қолдауын сезінуде және Жолдауда айтылған барлық бастамаларды бірауыздан қолдайды.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қыркүйек 2019 г. 778 0