Жоба жетекшісі сала қызметкерлерімен кездесті

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ұжымы, медициналық ұйымдар басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша «Ақмешіт - адалдық алаңы» жобалық тобының жетекшісі  Ж.Тұсмағамбетовпен  кездесу өткізілді.
Жобаның мақсаты - сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілікті қалыптастыру және мемлекеттік билік институттарына азаматтардың сенімін арттыру. Айта кетейік, «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Елбасы «Сыбайлас жемқорлықтан ада өңірлер» жобалары аясында елорданың жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыру жөніндегі тәжірибесін тарату керектігін атап өткен болатын.
Кездесу барысында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері талқыланды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қыркүйек 2019 г. 279 0