Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло Ауыр атлетикадан әлем чемпионатына қатысады

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан намысын зілтемірші Илья Ильин мен Зульфия Чиншанло қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 қыркүйек күні Таиландтың Паттая қаласында ауыр атлетикадан 85-ші әлем чемпионаты ашылады. Осы орайда, Қазақстан командасының бапкерлер кеңесі әлем біріншілігіне қатысатын спортшыларды атады.

«Әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстаннан екі спортшы бақ сынайды. Олар – Зүлфия Чиншанло (55 келі) және Екатерина Быкова (71 келі)», делінген хабарламада. 

Қазақстан ерлер командасының тізімі

55 келі: Арли Чонтей, Игорь Сон

89 келі: Денис Уланов,

81 келі: Нихат Рахымов, Айдар Қазов

96 келі: Илья Ильин

109 келі: Ибрагим Берсанов.

Паттаядағы әлем чемпионаты Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің санатына жатады. 27 қыркүйек күні мәресіне жететін жарыста ерлер мен әйелдер тоғыз медаль жиынтығын сарапқа салады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 06 қыркүйек 2019 г. 544 0