"Евровидение-2020": Қазақстан байқауға қатыспайды

Еуропалық хабар тарату одағы Қазақстан Роттердамда өтетін "Евровидение-2020" халықаралық ән байқауына қатыспайды деп мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ESCXTRA.com порталына сілтеме жасап. 
"Қазақстанды келесі жылы байқауға қатысуға шақырмайтынымызды растай аламыз", - деп хабарлады одақтағылар.
2018 жылы Қазақстан Минскідегі "Евровидение" балалар ән байқауында дебют жасаған. Биыл республика Гливице қаласында (Польша) 24 қарашадада өтетін балалар Евровидениесіне қатысады. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев еліміздің намысын жас әнші Ержан Максим қорғайтынын хабарлады.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 07 қыркүйек 2019 г. 203 0