7 қап есірткі тәркіленді

Маңғыстау облысында ауыл тұрғындары 90 келіге жуық есірткіні үйлерінің ауласына жасырып қойған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Көкнар-2019» жедел-алдын алу шарасы барысында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері  Атамекен ауылының  бұрын сотталған екі тұрғынын құрықтады. Олар 39 және 44 жастағы азаматшалар.
 Мәлім болғандай, 5 қыркүйек күні мамандар тінту барысында қызметтік Чак атты иттің көмегімен үйдің ауласынан жерасты жасырын орын тапқан. Ол жерден жалпы салмағы 88 келі болатын жеті үлкен қап шықты. Оның марихуана екені анықталды. Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 2-бөлігі (есірткі,  психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. 




ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 қыркүйек 2019 г. 292 0