Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

6-8 қыркүйек күндері Атырау спорт кешенінде парадзюдодан Азия және құрлық елдерінің чемпионаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін командалық сында жеңімпаздар белгілі болды. Қазақстан ұлттық құрамасы тарихымызда тұңғыш рет құрлық додасының жеңімпазы атанды. «Ақтық сында отандастарымыз Өзбекстан құрамасын 3:2 есебімен ұтты. Үш кездесуде атыраулық спортшылар Ануар Сариев, Дәулет Теміржан және Жанбота Аманжолов өз қарсыластарынан басым түсті», - дейді облыстық спорт басқармасының баспасөз хатшысы Ілияс Шайхиев. Ал үшінші орынды Оңтүстік Корея мен Жапония елдері бөлісті. Айта кету керек, құрамадағы 12 спортшының сегізі - атыраулық.


ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2019 г. 64 0