Жәрмеңкеде – жергілікті өнімдер

Қазалы ауданы орталығындағы «Нұршуақ» автобекетінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің басты артықшылығы – бұдан бұрынғы жәрмеңкелердегідей қолжетімді баға. Олай болатыны, мұнда негізінен жергілікті жерде өсірілетін өнімдер саудаға салынды.
Жәрмеңкеге Алға, Аранды, Көларық, Арықбалық, Сарбұлақ, Құмжиек ауылдық округтері қауын-қарбыз, қой-ешкі және жем-шөп алып келсе, тағы бір кәсіпкер картоп және көкөніс өнімдерін сатты. Жәрмеңкеге келушілердің қатары өте көп. Әсіресе, мұнда картоп пен жуаны таласып алып жатқандарды көптеп кездестіруге болады.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, жәрмеңкеге шығарылған заттар базар бағаларымен салыстырғанда, бірнеше пайызға арзанға ұсынылыпты. Айталық, мұнда картоп пен жуаның бір келісі 90 теңге болса, ірі-ірі қара күләбілер 100-300 теңгенің аралығында саудаланды.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2019 г. 127 0