Қазақстан халқы тілдері мерекесін атап өтті

Екі жылдан бері Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырылған атаулы күнді Назарбаев Зияткерлік мектебі  түрлі шаралар мен қабырға газеті байқауымен атап өтті.
Таңертеңгі уақытта тілдер бірлестігінің мұғалімдері  оқушыларға арнап танымдық ойындар ұйымдастырды.  Мектеп алдында тұрып,келушілерді қарсы алған 11-сынып оқушылары неміс тілінде онлайн-викторина өткізсе, сегізінші сынып оқушылары орыс тілінде қызықты ойындар арқылы оқушылардың тіл байлығын арттырды.  Тағы бір топ қазақ тілдегі мақал-мәтелдердің сыңарларын табудан жарыс өткізді.Кейбір оқушылар кәріс тіліндегі нақыл сөздермен танысып, танымдың деңгейлерін кеңейте алды.Өзбек тілінде өткен көңілді сайыстар да қатысушылар арасында ерекше қызығушылыққа ие болды. Мерекелік шараға  қатысқан оқушыларға  ұйымдастырушылар тәттілерді сыйға тартты.
Түстен кейін оқушылар қабырға газеті байқауында бақ сынасты.Шара барысында  ережеге сай шаңырақтар арасында тіл  дамуына үлес қосқан тұлғалар туралы, олардың өмірінен қызықты деректерді қағаз бетіне түсіріп,жоба қорғады.  Жас зияткерлер алғашқы қазақ оқу құралына және баспасөз тарихына, латын графикасы мен  тіл жанашырларының өміріне зерттеу жүргізіп,  түрлі маңызы зор ақпаратпен бөлісті.  
Әділ қазылар баяндаманың мазмұнына, тақырыптың өзектілігіне, тың деректерді ұсынуына және қабырға газетінің креативтілігіне қарай оқушыларды бағалады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2019 г. 180 0