Жосалы кенті көгілдір отынға қосылатын болады

Бүгін аудан әкімі Мұса Қалдарбеков Жосалы кентінде жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстарының барысымен танысты.

Жосалы кентіндегі табиғи газды қосу 2019-2020 жылдарға жоспарланған. Қазіргі таңда жоғары қысымдағы газ құбыры үшін траншея қазылып, құбырлары  орнатылуда. Жоғарғы қысымдағы газ құбыры мен орта қысымдағы газ тарату пунктерінің құрылысы үстіміздегі жылы жүргізілетін болады. Сонымен қатар, кентте газ құбырын жүргізу жұмыстарына бақылау жасау мақсатында аудан әкімінің өкімімен арнайы жұмысшы топ құрылып, тұрақты бақылауда ұстап отыр.


Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 09 қыркүйек 2019 г. 178 0